Главная » 2013 » Апрель » 24 » Ассамблея сессиясы: Алматы Алма-Ата болып өзгере ме?
11:58
Ассамблея сессиясы: Алматы Алма-Ата болып өзгере ме?
Бүгін Астанада Астанада «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтіп жатыр. Жиналыс барысында Алматы атауын Алма-Ата деп өзгерту туралы ұсыныс айтылып, оны Президент Н.Назарбаев қолдап, қаланың аты Алма-Ата болып өзгеріп шыға келуі мүмкін екенін бізге мәлім дереккөзі хабарлап отыр.
Қаланың атауын совет өкіметі кезіндегі Алма-Ата атауына өзгерту туралы ұсынысты ең алғаш қазіргі мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов көтеріп, кейін бұл бастаманы Қазақстан журналисттер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев іліп алып кеткен еді.
Матаев қала атауын өзгертуге қатысты сөзінде: ««Алма-Атаның «Алматы» болып өзгеріп кеткеніне Президент те өкінеді екен. «Конституцияға қол қоятын кезде Президент мәтінге назар аудармаған. Кейін қатты өкініп, отбасында бұл туралы талай айтыпты деседі», дей келіп: «Алматының «Алма-Ата» болып өзгеруін қалайтындар қаланың бұрынғы (Иманғали Тасмағанбетов) және кейінгі басшылары (Ахметжан Есімов), қарапайым тұрғындар, шығармашылық одақтардың басшылары, парламент депутаттары (Серік Сейдуманов) және қалалық мәслихат депутаттары да бар» - деген еді.
Просмотров: 854 | Добавил: Айгуля | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: